Экономика

Ауыл әкімдері ауқымды құрамда Президентпен алғаш рет бас қосты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйледі – деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші екенін баса айтты.

Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқсев бұдан кейін ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы тікелей осы ауыл әкімдеріне байланысты екенін жеткізді.

Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше – деді мемлекет басшысы.

Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев: – Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек. Жаңа ғана бірнеше әкімнің сөзін тыңдадық. Айтылған ой-пікірлерді және ұсыныстарды мұқият зерделеп, жұмыс барысында міндетті түрде ескеру қажет, – деді жиын барысында.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button