Спорт

Мемлекет басшысы жас шахматшылармен кездесті

Мемлекет басшысы әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Кездесуге 8 жасқа дейінгі санатта әлем чемпиондары атанған Әдинұр Әділбек пен Алиша Бисалиева, 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуандықұлы, 14 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген Марк Смирнов, 16 жасқа дейінгі санат бойынша әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Эдгар Мамедов, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген Сауат Нұрғалиев қатысты.

Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Мемлекет басшысының айтуынша, жас спортшылардың жетістіктері халықаралық аренада Қазақстанның мерейін үстем етеді әрі елімізде шахматтың келешегі зор екенін көрсетеді. Президент чемпиондардың биік мақсаттарға ұмтылуы қажеттігін жеткізіп, оларға жарқын жеңістер тіледі.

Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Шахмат деген үлкен өнер. Сондықтан шахматпен күнделікті, мұқият, арнайы кітаптарды оқи отырып айналысу қажет. Бүгін Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичпен кездесіп отырсыздар. Бұл – Сіздердің бақытты сәттеріңіздің бірі, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат тақтасына естелік жазба қалдырды.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button