Басты жаңалықСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президентімен кездесті.

Келіссөзге дейін Ақорда резиденциясында Мажарстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылы ротасының бастығы президенттерге рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз залына барды.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Мажарстанның мәдени және білім беру салаларындағы байланысын нығайтудың маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық перспективасын қарастырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button