Басты жаңалықЭкономика
ҰҚК қарашада жемқорлыққа қатысты 100 қылмысты тіркеді

ҰҚК қараша айында әшкере болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижесін жариялады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Биыл қарашада Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 100 құқық бұзушылық тіркелді:
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) — 8;
- 190-бап (алаяқтық) — 15;
- 194-бап (қорқытып алу) — 1;
- 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) — 1;
- 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) — 1;
- 249-бап (рейдерлiк) — 2;
- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) — 11;
- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) — 4;
- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) — 1;
- 366-бап (пара алу) — 17;
- 367-бап (пара беру) — 33;
- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) — 2;
- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) — 1;
- 371-бап (салғырттық) — 1;
- 416-бап (дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау) — 1;
- 425-бап (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер) — 1.
24 қылмыстық іс сотқа жолдаған. Олар:
- 190-бап (алаяқтық) — 10;
- 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) — 1;
- 366-бап — (пара алу) — 3;
- 367-бап (пара беру) — 8;
- 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) — 2.
Келтірілген залал бойынша 409,6 млн теңге шығын өтелген.
Жұмыс жалғасады.



