Қоғам

Электрэнергиясының тарифтерінің өсуіне мораторий енгізу жоспарланды

Қазақстанда 2032 жылға дейін электрэнергиясының тарифтерінің өсуіне мораторий енгізу жоспарланып отыр. Бұл мәліметті Энергетика министрлігі «ашық НҚА» порталында жариялады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Үкіметтің түсіндіруінше, мақсат — халықтың және бизнес субьектілерінің шығындарын тұрақты деңгейде ұстап, әлеуметтік жүктемені азайту. Ал қазіргі шикізат, инфляция, энергия ресурстарының қымбаттауы жағдайында тариф өсіміне шектеу қою — халық үшін қолайлы шешім.

Алайда энергетика саласындағы компаниялар мен электростанциялар үшін тариф пен тарифке жататын төлемдердің жеке бөлігі 2026 жылдан бастап қайта қаралатын болады.

Яғни, тариф мораторийі — жалпы тұрғындарға қатысты тарифтерге байланысты, ал энергетика инфрақұрылымын ұстап тұру төлемдері (электр энергиясын өндіру мен қуатты резервте ұстау үшін төлемдер) реттелуі мүмкін.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button