Басты жаңалықДенсаулық

Шемонаиха ауруханасының түрінен адам шошиды

Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха аудандық ауруханасының түрі адам шошырлық. Ондағы жұқпалы ауруларға арналған бөлім тіпті тозып кеткен. Емделушілердің өзі ем алудың өте қиын екенін айтып, кетеуі кеткен ғимараттың бейне жазбасын таратты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Дәл қазіргі уақытта ел шығысында да тұмау өршіп тұр. Сондықтан да ауруханаға барушылар көбейген. Ресми орган өкілдері тұмау жұқтырған адам саны 100 мыңға жуықтағанын хабарлады.

Өңір бойынша тұмау асқынған шақта мұндай ауруханада науқас дұрыс ем қабылдай ала ма?, – деген заңды сұрақ туады. Ендеше жауаптылар бұған дейін тозығы жеткен ғимаратқа қатысты шұғыл шара неге қабылдамады?!

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жұқпалы ауруларға арналған бөлімше екенін айтты. Қабырғаларының сылағы түсіп, тесілген жерлерді амалдап қана бітеп қойғаны көрініп тұр. Төсектердің өзін бір-біріне қосақтап байлап қойған. Тіпті аурухана екеніне сену қиын. Бірақ ауырған аудан халқы осында емделуге мәжбүр.

Ғимараттың салынғанына 57 жыл болған. Жаңасын салмаса, жөндеуге келмейді. Оған облыс қазынасынан қаражат қарастырылмаған секілді. Өйткені, жауаптылар демеушілердің көмегіне зәру.

Айнаш Қапанова ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Инфекциялық бөлім қалпына келтіру қазіргі таңда тиімсіз. Сондықтан демеушілер жаңа ғимарат құрылысын қаржыландыруға келесім беріп отыр, – деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова.

Айта кетейік, жалпы облыс аумағында 300-ден астам медицина мекемесі бар. Қазір олардың арасындағы 65 ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button