Саясат

Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді

Бүгін Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button