Қоғам
Данияда пошта қызметі 2026 жылдан бастап хат жеткізуді тоқтатады

Данияда соңғы қағаз хат желтоқсан айының соңында жеткізіледі. Жаңа жылдан бастап қалған пошта жәшіктері алынып тасталады. Елдегі қағаз хат алмасу көлемі 2000-жылдан бері 90 пайызға азайған.
NordPost пошта қызметі енді сәлемдемелер жіберуге көңіл бөлмек. Қажет болған жағдайда қағаз хат немесе ашық хат жіберуге болады, бірақ ол басқа компаниялар арқылы жүзеге асады.
Айта кетейік, Дания Еуропада мұндай шешім қабылдаған алғашқы ел.
Minut.kz



