Экономика
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрінің жаңа тізбесі ұсынылды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің кеңейтілген тізбесі жарияланды – деп хабарлайды Minut.kz тілші.
Бұған дейін тізімде азық-түліктің 19 түрі болса, бүгінде оның санын 33-ке дейін арттыру көзделіп отыр.
- Бірінші сұрыпты бидай ұны
- Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған бидай наны (пішінді)
- Рожки (өлшеніп салынатын)
- Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
- Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
- Картоп
- Ас сәбізі
- Пияз
- Орамжапырақ
- Қант
- Күнбағыс майы
- Сүйегі бар жылқы еті
- Тауық еті (жамбасы, сирақ, тауық сан еті)
- Тауық
- 2,5% майлылықтағы жұмсақ қаптамадағы пастерленген сүт
- 2,5% майлылықтағы айран
- 5–9% майлылықтағы сүзбе
- Сары май
- Ас тұзы
Жаңадан қосылғандары:
- Қызанақ
- Қияр
- Алма
- Сүйегі бар сиыр еті
- Сүйексіз сиыр еті
- Тартылған ет
- Сүйегі бар қой еті
- Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық (таран, теңге балық, көксерке, шортан, сазан, ақсақа)
- Мұздатылған балық (көксерке, минтай, хек, камбала, скумбрия, сазан)
- Ультрапастерленген, стерилденген сүт
- Қаймақ
- Қатты ірімшік
- Қара шай
- Тауық жұмыртқасы (I санат)
Сауда министрлігі осыған қатысты бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Ведомство азаматтарды белсенді қатысуға шақырады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15715467
Minut.kz



