Қоғам

Әлемдегі ең ұзақ әуе бағыты іске қосылды

China Eastern Airlines 4 желтоқсанда Шанхайдан Буэнос-Айреске жаңа ұзақ қашықтықтағы рейсті бастады – деп хабарлайды Minut.kz тілші.

MU745 рейсі түнгі 2-де Пудун әуежайынан ұшып, Оклендте екі сағат аялдап, Аргентина астанасына 25 сағат 55 минутта жетеді. Жалпы қашықтық шамамен 20 мың шақырымды құрайды.

Кері бағыттағы MU746 рейсі 29 сағатқа созылады. Әуе компаниясы бұл бағытты Жердің қарама-қарсы нүктелеріндегі екі қаланы тікелей байланыстыратын әлемдегі алғашқы коммерциялық маршрут деп атап өтті. Рейс аптасына екі рет Boeing 777-300ER ұшағымен орындалады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button