Экономика

Теңгені долларға айырбастау бағамы 499-500 теңге деңгейіне дейін төмендеді

Қазақстан қор биржасында нарық күтпеген құбылыс тіркелді – деп хабарлайды Minut.kz тілші.

Қазақстан қор биржасында доллар сәуірден бері алғаш рет 500 теңгеден төмендеп, 499 теңге деңгейіне түсті. Таңертең валюта бір күнде 4 теңгеге арзандап, нарықтағы қатысушылардың назарын аударды.

Бүгін доллардың ең төменгі сатып алу бағасы 498,45 теңгеге дейін түсті. Түске дейінгі сауда көлемі 217 млн долларға жетіп, валюта нарығындағы белсенділіктің жоғары екенін көрсетті.

Бұл өзгеріс техника, көлік және басқа да импортқа тәуелді салалардағы бағаға әсер етуі мүмкін.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button