Басты жаңалықДенсаулық

11 мемлекет шекараны бекітті

Дүниежүзінде Эбола вирусының жаңа толқынына байланысты эпидемиологиялық жағдай күрт күрделене түсті. Инфекцияның таралу қаупінің артуына орай, әлемнің 11 елі шекаралық бақылауды барынша күшейтті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Санитарлық және көші-қон қызметтері әсіресе вирус ошағы жиі тіркелетін Африка құрлығындағы Конго мен Уганда және Оңтүстік Судан мемлекеттерінен келетін жолаушыларға баса назар аударып отыр.

Қазіргі уақытта АҚШ, Канада және бірқатар Еуропа мен Азия елдері қосымша санитарлық бақылау бекеттерін іске қосып, міндетті карантин мерзімін енгізді. Сондай-ақ, қауіпті аймақтардан келетін азаматтар үшін визалық шектеулер де қарастырылуда.

Бұл жолғы алаңдаушылыққа вируспен күрестің қиындығы себеп. Мамандардың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта таралған Бундибуджио штамына қарсы ресми бекітілген арнайы вакцина немесе тиімділігі дәлелденген емдеу әдісі (терапия) жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары бұл індеттің жаһандық таралу қаупін «өте жоғары» деңгейде бағалап отыр.

Эпидемиологтардың болжамы көңіл көншітпейді. Бұл вирус алдағы онжылдықтағы адамзат бетпе-бет келетін ең күрделі әрі қауіпті эпидемиологиялық қатерлердің біріне айналуы мүмкін.

Халықаралық әуе қатынасы дамыған заманда кез келген вирустың ел аумағына ену қаупі жоққа шығарылмайды. Мамандар шетелге, әсіресе Африка елдеріне шығатын азаматтарға мынадай негізгі сақтық шараларын ескертеді:

  • Симптомдарды білу: Кенеттен қызудың көтерілуі, бұлшықет ауырсынуы, әлсіздік, құсу және қан кету белгілері байқалса, дереу дәрігерге көріну қажет.
  • Байланысты шектеу: Ауру белгілері бар адамдармен және жабайы жануарлармен (әсіресе жарқанаттар мен маймылдармен) жанасудан аулақ болу.
  • Гигиена: Қолды жиі жуу және антисептик қолдану.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button