Басты жаңалықҚоғам

2027 жылы республикалық бюджеттің шығысы 30,2 трлн теңге шамасында болмақ

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде қалыптастырылған 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының негізгі параметрлері туралы айтты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

2027 жылы түсімдер 25,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты 12,9% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 2,3% деңгейінде болады деп жоспарланған. Шығыстардың жалпы көлемі биылғы жоспармен салыстырғанда 2,5 трлн теңгеге ұлғаяды.

Мәди Такиев ҚР Қаржы министрі

Ұлттық қордан аударылатын кепілдендірілген трансферт 2,4 трлн теңгені құрайды. Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт — 2 трлн теңге, бұл қаражат негізінен аса маңызды нысандар мен жалпыұлттық маңызы бар жобаларға жұмсалатын болады. Бюджетті қалыптастырудың маңызды ерекшелігі: шығыстар өсуін жабу ғана емес, ресурстарды ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерді орындауға, экономиканы, өңірлерді және адами капиталды дамытуға бағыттай отырып, бюджет қаражатының әрбір теңгесінен түсетін табысты арттыруда жатыр, – деді Мәди Такиев.

Ал Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, алдағы 3 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының базалық нұсқасында Қазақстанның ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 5%-дан жоғары болады деп болжануда.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button