Қоғам

6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді

Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің алдын ала дерегін жариялады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берудің 14:00-дегі жағдайы бойынша халықтың 53,12 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген. Көш басында Қызылорда облысы. Тұрғындарының 64,22 пайызы дауыс берген. Одан кейін Абай, Жетісу, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Бұл өңірлерде дауыс берушілер қатары 60 пайыздан асқан.

Айта кетейік, Еліміздегі жалпы сайлаушылардың саны 12 305 788 адам.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button