Шығыстағы жұмыссыздар туризм саласы бойынша білім алады

Шығыс Қазақстан облысы туризм саласына қажетті мамандарды жұмыссыз азаматтарды оқыту арқылы даярламақ – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Жауаптылар маман тапшылығын осылай шешуді құп көрген. Білім алатын алғашқы 70 адам келер жылдың басында қысқа мерзімді курсқа бара бастайды.
Соңғы жылдары өңірге барып жатқан туристер саны артып келеді. Алайда, әсіресе шетелдік қонақтарды қабылдау үшін қызмет көрсету сапасын жақсарту әлі де өзекті. Курс қатысушылары аудармашы, нұсқаушы, гид, аспаз, әкімші және қызметші секілді өзге де мамандықтарды меңгеріп, тұрақты жұмысқа орналасады. Мемлекет білім алушылардың жол мен жатар орнының ақысы мен арнайы стипендиясын да төлемек. Оқу аяқталған соң, жұмыс беруші туристік компаниялармен келісімшарт жасасып, белгілі бір уақытқа дейін тұрақты еңбек етуге міндеттелмек.
Туризм өкілдерімен бірлесіп, олардан сұрап, қандай мамандар жеткіліксіз. Олар бізге айтып жатыр, осындай-осындай мамандарды оқытсаңыз, біз оларды жұмысқа аламыз деп. Сол үшін осындай мамандарды реттедік, – ШҚО Туристік-ақпараттық орталық басшысының орынбасары Талғат Дәулетов.
Жанель Жанболатқызы



