Білім

«Ұстаз болу – тек білім беру емес, ең алдымен, тұлға тәрбиелеу» – елордалық педагог

Елордада өскелең ұрпаққа үлгі боларлық ұстаздар аз емес. Олар өз өмірін жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудің игілікті ісіне арнаған.
Олардың бірі – тарих және география пәнінің мұғалімі Жеңіс Бодешов.
Оның педагогикалық өтілі 48 жылды құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Астанада осындай ардақты жандардың бірі — тарих және география пәндерінің мұғалімі, Жеңіс Атайұлы Бөдешов. Оның педагогикалық еңбек өтілі 48 жыл, соның ішінде 28 жыл Ерейментау ауданы Торғай орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
Әкесі Атай Бөдешов Ұлы Отан соғысының ардагері, география пәнінің мұғалімі болған. Ол балаларға үнемі дүниежүзінің картасын ашып көрсететін. Сол сәттер Жеңіс Атайұлының бойында, сондай-ақ бауырлары мен әпке-қарындастарында ұстаздыққа деген ерекше ықылас оятты.
«Біз әкемізге ұқсағымыз келді», — дейді ол естелігінде.
Бүгінде оның әулеті – нағыз ұстаздар әулеті: әпкесі, қыздары мен тіпті немерелері де білім беру саласында еңбек етіп жүр.
Жеңіс Атайұлы ұзақ жылдар бойы мыңдаған шәкірт тәрбиеледі. Олардың бірқатары ұстаздықты таңдаса, басқалары дәрігер, заңгер, инженер атанды. Бірақ барлығы да ұстазын ризашылықпен еске алады. Оның еңбегі көптеген марапаттар мен медальдармен бағаланған.
«Мен үшін ұстаз болу – тек білім беру емес, ең алдымен, тұлға тәрбиелеу. Ең бастысы – шәкірттеріңнің елге адал азамат болып өскенін көру», – дейді Жеңіс Атайұлы.
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында еліміздің болашағын қалыптастыратын, білім мен рухани құндылықтардың негізін қалайтын ұстаздардың еңбегі ерекше атап өтіледі.
Back to top button