Білім

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 1-сәуірден 27-мамырға ауыстырылды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.

Биыл құжат қабылдау 27 — мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 — тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз, — деді министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button