Қоғам

ШҚО-да құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді

Шығыс Қазақстан облысында Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі. Осы мақсатта облыс аумағында мал сойылатын арнайы 13 алаң белгіленді:

  • Өскемен қаласы — Атығай асуы (Алматы–Өскемен тас жолы);
  • Риддер қаласы — Д.Қонаев атындағы Риддер қалалық мешіті;
  • Алтай ауданы — «Тенар» қожалығы;
  • Глубокое ауданы — «Тастанбеков Ж.Т.» ЖК;
  • Зайсан ауданы — “Шығыс-А” мал сою пункті;
  • Күршім ауданы — «Мойнак» шаруа қожалығы;
  • Тарбағатай ауданы — Ақжар ауылы;
  • Ұлан ауданы — Атығай асуы;
  • Үлкен Нарын ауданы — Горный көшесі, 8/1;
  • Шемонаиха ауданы — Вокзальная көшесі, 236;
  • Катон-Қарағай ауданы — Катонқарағай ауылы, Абай көшесі, 82;
  • Марқакөл ауданы — Қалжыр ауылы;
  • Самар ауданы — Аққала ауылы, «Самар-Вет» мал сою алаңы.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button