Қоғам
ШҚО-да құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді
Шығыс Қазақстан облысында Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі. Осы мақсатта облыс аумағында мал сойылатын арнайы 13 алаң белгіленді:
- Өскемен қаласы — Атығай асуы (Алматы–Өскемен тас жолы);
- Риддер қаласы — Д.Қонаев атындағы Риддер қалалық мешіті;
- Алтай ауданы — «Тенар» қожалығы;
- Глубокое ауданы — «Тастанбеков Ж.Т.» ЖК;
- Зайсан ауданы — “Шығыс-А” мал сою пункті;
- Күршім ауданы — «Мойнак» шаруа қожалығы;
- Тарбағатай ауданы — Ақжар ауылы;
- Ұлан ауданы — Атығай асуы;
- Үлкен Нарын ауданы — Горный көшесі, 8/1;
- Шемонаиха ауданы — Вокзальная көшесі, 236;
- Катон-Қарағай ауданы — Катонқарағай ауылы, Абай көшесі, 82;
- Марқакөл ауданы — Қалжыр ауылы;
- Самар ауданы — Аққала ауылы, «Самар-Вет» мал сою алаңы.
Minut.kz



