Білім

Шығыста «Қалихан Ысқақ оқулары» байқауының жеңімпаздары анықталды

Өскемендегі А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қазақ прозасының көрнекті өкілі Қалихан Ысқақтың шығармашылығына арналған облыстық байқау өтті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Мектеп оқушылары мен колледж студенттері жазушының «Қоңыр күз еді», «Тұйық», «Қара орман» сынды туындыларынан сахналық қойылымдар ұсынып, өзара бақ сынасты.

Жоғары деңгейдегі актерлік шеберлік пен сахналық мәдениет көрсеткен қатысушылар арасынан Катонқарағай ауданындағы Қалихан Ысқақ атындағы орта мектеп бас жүлдені жеңіп алды.

Бірінші орынды Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжінің студенті Жарқын Айдос иеленді. Екінші орынды Самар ауданының «Абай атындағы орта мектебі» мен №47 жалпы білім беретін мектебі алса, 3-орынды №27 орта мектеп және Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжі иеленді.

Арнайы номинацияларда «Қарасөздің қас шебері» – Аяулым Абылмажинова, «Көрермен көзайымы» – Фарид Кыдырмолдин және Жібек Жанымхановалар үздік деп танылды. Ал «Қалихан Ысқақ атындағы» арнайы жүлде – Айым Кәсіпке бұйырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық руханиятты дәріптеуге зор үлес қосты. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Аймөлдір Қарқын, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button