Білім

Тегін цифрлық мамандықты меңгеріп, жұмысқа орналасыңыз!

Өскемен қаласының тұрғындары еңбек нарығында ең сұранысқа ие цифрлық дағдыларды тегін меңгеруге бірегей мүмкіндік алды. Қалада ITeachMe 8.0 білім беру жобасының сегізінші маусымына өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Жобаның басты мақсаты – азаматтардың цифрлық құзыреттілігін арттырып, олардың заманауи нарықта бәсекеге қабілетті болуына көмектесу. Шараны «Шеврон Евразия» компаниясының қолдауымен «ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

Оқыту толығымен онлайн форматта және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдануға негізделіп, екі өзекті бағыт бойынша жүргізіледі:

  • CRM-жүйелері: Жасанды интеллектті пайдалана отырып, тұтынушылармен қарым-қатынасты басқару жүйелерімен жұмыс істеу.
  • UI/UX Content: Жасанды интеллектті қолдана отырып, интерфейстер мен контент дизайнын әзірлеу.

Оқу бағдарламасы 4 айға есептелген. Курс соңында қатысушылар өздерінің жеке курстық жобаларын қорғап, тәжірибелік дағдыларын дәлелдейді. Сонымен қатар, түлектерге тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу бойынша жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Жоба аясында цифрлық сауаттылығын арттырғысы келетін барлық азаматтарға мүмкіндік беріледі. Дегенмен, келесі санаттарға ерекше көңіл бөлінеді:

  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтар;
  • Әлеуметтік осал топ өкілдері;
  • Жұмыссыз жүрген тұрғындар мен жастар.
  • Биылғы маусымда барлығы 120 тегін орын қарастырылған.

ITeachMe жобасы өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп үлгерді. Өткен 7 маусымның қорытындысы бойынша 7 000-нан астам өтінім қабылданды. 900-ден астам адам оқуды сәтті тәмамдады. Ең бастысы – түлектердің 90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты.

Тегін білім алып, жаңа мамандық иесі атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Өтінімдер 2026 жылғы 20 шілдеге дейін қабылданады. Өтінім келесі сілтеме арқылы беруге болады. daurbekg.github.io/iteachme8. Анықтама телефоны: +7 705 685 0264

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button