Спорт

Әлемнің 26 елінен 120 команда Өскеменде бас қосады

Шығыс Қазақстан облысы кезекті рет ірі халықаралық автоспорт шарасының басты нүктесіне айналмақ. Тамыздың 22-сі күні сағат 14:30-да Өскемен қаласындағы Достық үйінің алдында ауқымды халықаралық ралли-марафонның салтанатты финалы өтеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл айтулы шара өңірде осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биылғы жарыстың географиясы мен ауқымы бұрынғыдан да кеңейе түскен.

Жарысқа Англия, Дания, Бельгия, Италия, Ирландия, Норвегия, Франция, Нидерланд, Германия, Швеция, Швейцария, Болгария, Словения, Испания және АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия секілді әлемнің 26 елінен 120-дан астам команда қатысуда.

Қатысушылар континенттер арасын жалғап, 10 мың шақырымнан астам күрделі әрі қиын жол бағытын еңсеріп отыр. Ұзаққа созылған марш-раллидің соңғы нүктесі мен мәресі ретінде Шығыс Қазақстан өңірі кездейсоқ таңдалмаған.

Бұл шара жай ғана спорттық бәсеке емес, сонымен бірге Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін әлемге танытудың бірегей мүмкіндігі. Шетелдік қатысушылар жарыс жолындағы әсерлерімен, Алтайдың таңғажайып табиғатымен өздерінің әлеуметтік желілерінде белсенді бөліседі.

Іс-шара халықаралық БАҚ өкілдерінің, танымал тревел-блогерлер мен автокөлік әуесқойларының назарын өңірдің бай мәдениеті мен қайталанбас табиғатына аударуға жол ашады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button