Спорт

Франция футболын Зинедин Зидан басқарады

Франция футбол федерациясы (X желісінде) ұлттық құраманың тізгінін әйгілі Зинедин Зидан ұстағанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

54 жастағы маманмен 2030 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін толық қамтитын келісімшарт жасалды. Зидан бұл қызметте құраманы рекордтық 14 жыл басқарып, осы жаздағы Әлем чемпионатында төртінші орын алғаннан кейін (Англиядан ірі есеппен ұтылған соң) қызметінен кеткен Дидье Дешамды алмастырды.

Зизудың жаңа қызметтегі алғашқы сынағы Ұлттар лигасы аясында Түркияға қарсы сырт алаңдағы матч болмақ, ал 2 қазанда «Стад де Франс» стадионында Италия құрамасын қабылдайды.

Дешамның дәуірі (185 матч, 120 жеңіс, 2018 жылғы Әлем кубогы мен 2021 жылғы Ұлттар лигасының чемпионы) аяқталып, Зиданның заманы басталды!

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button