Білім
2-4 сынып оқушыларын бағалау жүйесі өзгереді
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларына баға қоюдың жаңа тәсілі енгізіледі. Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылынан басталатын негізгі өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
1-сынып оқушылары үшін ештеңе өзгермейді – оларға бұрынғыдай баға қойылмайды.
Басты 3 өзгеріс:
- Формативті бағалаудың салмағы артады. Күнделікті сабақтағы белсенділік пен формативті бағалаудың тоқсандық бағадағы үлесі енді 50% (теңбе-тең) болады (бұрын төрттен бір бөлігін ғана құрайтын). Бағалау 1-ден 10 балға дейінгі шкаламен жүргізіледі.
- Аралық бағалау енгізіледі. Оқушылар әр өткен бөлімнің аяқталуы бойынша қорытынды аралық бағалау тапсырады.
- ТЖБ болмайды. Дәстүрлі Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) толығымен жойылады. Оның орнын бөлім соңындағы аралық бағалаулар басады.
Minut.kz



