Ұстаздар күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мұғалімдерін кәсіби мерекемен құттықтап, білім беру саласына сіңірген еңбектері үшін бірқатар педагогтерге мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты рәсім барысында Астана қаласының екі бірдей үздік ұстазы жоғары марапатқа ие болды.
Astana Polytechnic жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Гүлнәр Әбдрайымоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.
Ал Urban School мектебінің педагогі Лукашевич Александр Аркадиевич «Шапағат» медалімен марапатталды.
Ұстаздар қауымына көрсетілген бұл құрмет – білім саласына деген мемлекеттің айрықша назарын көрсетеді.