Экономика

АЭС-ке қажетті қаржының 85 пайызын Ресей несиеге береді

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына қажетті қаржының 85 пайызын Ресей несие түрінде береді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба бойынша мемлекетаралық несие беру тетігі қарастырылған және тиісті келісімдер әзірленіп жатыр. Қалған 15 пайызын Қазақстан үкіметі өз есебінен қаржыландырады.

Алдын ала есеп бойынша, «Росатом» компаниясы қатысатын жоба құны шамамен 15 миллиард долларды құрайды. Станция екі энергоблоктан тұрады, әрқайсысының қуаты 1200 мегаватт болады. Құрылыс шамамен 11 жылға созылып, нысанды 2035–2036 жылдары іске қосу жоспарланған.

Ал екінші АЭС «Мойынқұм» деп аталады. Жаңа АЭС Балқаш маңында орналастырылады, қазір үш ықтимал алаң қарастырылып жатыр. Нақты орны кейін анықталады.

Жобаға сәйкес, станция екі энергоблоктан тұрады, әрқайсысының қуаты 1200 мегаватт болады. Қазіргі уақытта технология жеткізушіні таңдау бойынша келіссөздер жүргізілуде. Басым серіктес ретінде қытайлық компания қарастырылып отыр.

Бұған дейін Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына «Балқаш» атауы берілгені хабарланған. Жалпы елде 2050 жылға дейін кемінде үш, ал қажет болған жағдайда төрт атом электр станциясын салу жоспарланып отыр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button