Қоғам

Алаяқтар алдаудың жаңа түрін ойлап тапқан

Қаржылық мониторинг агенттігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы қаражат жымқыру деректерінің жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп жатқан тұста алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Қаскөйлер өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, «анықталған заңбұзушылықтарды» алға тартып, медицина мекемелерінің басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытады. Сонымен қатар сыйақы берсе, жауапкершілікке тартпауға уәде етіп, ақша талап етеді.

Анеттік өкілдерінің мәлімдеуінше, осындай алаяқтық схеманың жолы Түркістан облысында кесілді. Екі адам өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, алдау жолымен медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге көлемінде ақша алуға тырысқан. 5 млн теңгені алғаннан кейін алаяқтар қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен.

8 тамызда оларды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, қылмыс үстінде ұстады.

Сот сыбайластарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазір тергеу жалғасып жатыр. ҚМА азаматтарды сақ болуға, арандатушылыққа және алаяқтардың айласына ермеуге шақырады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button