Басты жаңалықҚоғам

Алматы облысында 17 адам сотталды

Алматы облысында 851 автокөлікті заңсыз тіркеген 17 адам сотталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Олардың арасында полиция қызметкерлері, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысшылары мен нотариустар бар. Сот олардың әрқайсысына қылмыстағы рөлі мен қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қылмыстық топ алғашқы кезеңде техникалық регламентке сай келмейтін 642 жүк көлікті заңсыз тіркеген. Кейін олар бұрын есептен шығарылған 209 жеңіл автокөліктің VIN-кодын жаңадан әкелінген темір тұлпарларға таңбалап беріп отырған.

Осылайша базаға жалған мәлімет енгізіліп, бөгде адамдарға сенімхат арқылы рәсімделген. Бірнеше жылға созылған қылмыстық әрекеттен мемлекетке 6,6 миллиард теңге шығын келді. Ал көлік иелері 1 миллиард теңгеден астам шығынды өз еркімен мемлекетке қайтарды.

Сонымен қатар, сот үкімімен сотталғандардың қылмыстық табысқа сатып алған 5 автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді. Бұрынғы 4 полиция қызметкері арнайы атақтарынан айырылды. Қатысы бар натариустарға сот натариаттық қызметпен айналысуға тиым салды, – делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button