Басты жаңалықДенсаулық

Ана мен бала орталығының ғимараты жөнделіп жатыр

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі Ана мен бала орталығына барды. Қазіргі уақытта бұл медициналық мекеме стационарының ғимаратын перзентханаға бейімдеп қайта жаңғырту, қайта жоспарлау және қайта жарақтандыру жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бас мердігер — «DK Build» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, бүгінде дайындық деңгейі 90 пайызды құрайды. Толық қаржыландырылған жағдайда жобаны алдағы айларда аяқтау жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта нысанда әрлеу жұмыстары мәресіне жетуге таяу. Сол жерде 30-дан астам адам жұмыс істеп жатыр. Орталық біртіндеп еуропалық медициналық жабдықтармен жабдықталып келеді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында өңірде денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Қала-аудандардағы медициналық мекемелер жөнделіп, қайта жаңғыртылып жатыр. Соның ішінде Ана мен бала орталығы ғимараты да заманға сай жаңартылуда. Бұл сырқатына шипа іздеп келген азаматтардың жайлы жерде емделуіне жағдай жасайды, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button