Басты жаңалықСаясат

Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Айта кетейік, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге қатысты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button