Басты жаңалықҚоғам

Байқоңырдан халықаралық экипаж ғарышқа ұшты

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы сәтті жөнелтіліп, «Союз МС-29» пилотты кемесін орбитаға шығарды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Экипаж құрамында Петр Дубров пен Анна Кикина және NASA астронавты Анил Менон бар.

Халықаралық ғарыш станциясына бет алған астронавтар орбитада 261 күн болады. Осы уақыт ішінде экипаж ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізіп, маңызды техникалық жұмыстарды атқармақ.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button