Қоғам
Березовка ауылындағы көпір шілдеде пайдалануға беріледі
Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» автожолының бойында орналасқан Березовка ауылы маңындағы жаңа көпір шілде айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұған дейін Козловка өзені арқылы өтетін бұл өткелдің құрылысы мердігердің сапасыз жұмысына байланысты тоқтап қалған болатын. Келісімшарт бұзылғаннан кейін, 2026 жылы байқау нәтижесінде жаңа мердігер ретінде «ОблШығысЖол» ЖШС анықталды.
Қазіргі құрылыс жұмысының 85 пайызы орындалды. Көпірдің екі жағына да асфальтбетон төселіп, аралық құрылымдарын орнату толық аяқталды. Құрылысшылар аралық бөліктерді бетондау үшін қалыптау жұмысын жүргізіп жатыр. Жоспар бойынша, нысан шілде айында пайдалануға беріледі.
Аяулым Әділқызы



