Дәмхана жарылысына қатысты тағы екі адам қамауға алынды
Щучинскідегі дәмхана жарылысына қатысты тағы екі адам қамауға алынды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
20 сәуірде автомобиль газ құю станциясының директоры, сондай-ақ газ баллондарды жеткізуші ұсталды. Олар баллондарды толтыру және жеткізу бойынша қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзды деген күдікке ілінді.
Күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды. Аталған бап санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот санкциясымен күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне үй қамағы таңдалды.
Ақмола облысының прокуратурасы «Центр плова Loft» кафесінде абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Айта кетейік, Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан 12 адам мерт болған еді.
Minut.kz



