Басты жаңалықСаясат

Екі апта бұрын елшіліктен кеткен Исағалиев вице-министр болды

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Исағалиев Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Арман Исағалиев осыдан екі апта бұрын Катардағы елші лауазымынан босатылған еді.

Арман Исағалиев 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін тәмамдаған. Сондай-ақ Сиди Мұхаммед бен Абдалла университетінде және Египет Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық институтта білім алған.

Еңбек жолын 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы болып бастаған. 2000–2004 жылдары Қазақстанның Египеттегі елшілігінде бірінші хатшы қызметін атқарған. 2004–2006 жылдары бизнес құрылымдарында жұмыс істеген.

2008 жылдан бастап Сауд Арабиясында, Дубайда, Египетте, Алжир мен Тунисте елші болған.

2020 жылдан бері Қатарда қызмет атқарды. Араб және ағылшын тілдерін меңгерген. Отбасылы, бес бала тәрбиелеп отыр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button