Қоғам

Екі әскери қызметшінің денесі табылды

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде теңізге батып кеткен әскерилерді іздестіру кезінде тағы екі адамның денесі табылды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сағат 09:15 шамасында сержант Мансұр Ғұмаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі анықталған. Осылайша қаза тапқан әскери қызметшілер саны 14 адамға жетті.

Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлайды.

Еске салайық, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан орын алып, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті жан-жақты, оның ішінде материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button