Басты жаңалықБілім

Елімізде 700-ге жуық оқу бағдарламасы жабылады

Қазақстанның жоғары білім жүйесінде үлкен «тазарту» жұмыстары басталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәлімдеуінше, еліміздегі ЖОО-ларда оқытылатын 700-ге жуық бағдарлама мазмұны ескіруіне байланысты тоқтатылады.

Министрлік enbek.kz платформасы арқылы 73 мыңнан астам кәсіпорынға ауқымды сауалнама жүргізген. Нәтижесінде нарыққа қандай мамандар керек екені және қай салалардың өзектілігін жоғалтқаны анықталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек

8500 оқу бағдарламасына аудит жүргізілді. 700-ге жуық бағдарламаны жабуға тура келеді. Олар 25-40 жыл бұрынғы әдіспен оқытылып келген, мазмұны ескірген және сапасыз, – деді Саясат Нұрбек.

Министрлік қазіргі оқып жатқан студенттер үшін уайымдауға негіз жоқ екенін айтты. Олар оқу аяқтайды. Алайда бұл мамандықтарға биылдан бастап жаңа талапкерлер қабылданбайды.

Бұл қадам еңбек нарығындағы «диплом бар, бірақ мамандық жоқ» деген мәселені шешуге бағытталған. Оқу орындары енді заманауи талаптарға сай, жұмыс берушілердің сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламаларға басымдық беруі тиіс.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button