Басты жаңалықЭкономика

Елімізде цифрлық теңге ресми айналымға енеді

Қазақстанда цифрлық теңге мен цифрлық шоттарға қатысты заңнамалық нормалар күшіне енбек. Енді ұлттық валютамыздың үшінші нысаны қолма-қол және қолма-қол ақшасыз теңгемен тең дәрежеде қолданылатын болады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Басты ережелер мен жаңалықтар:

  • Тек арнайы платформада: Цифрлық теңгені Ұлттық банк арнайы платформада шығарады. Төлемдер мен аударымдар тек осы платформадағы цифрлық шоттар арқылы жүзеге асырылады.
  • Жүйеге кімдер қатысады? Екінші деңгейлі банктер, Орталық депозитарий, Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті және басқа да қаржы ұйымдары.
  • Шотты кімдер аша алады? Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және мемлекеттік органдар.

Ескеретін маңызды жайттар:

  • Төлем мен комиссия: Цифрлық шоттарға қызмет көрсету тегін емес – операциялар үшін арнайы комиссия алынады.
  • Жинақ жасауға болмайды: Заң бойынша жинақтаушы цифрлық шоттарды ашуға мүлдем тыйым салынған. Яғни, бұл шотқа пайыздар жүрмейді.

Қысқасы, еліміздің қаржы жүйесі тағы бір технологиялық қадамға дайындалып жатыр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button