Қоғам

Енді шетелде тұратын қазақстандықтар да зейнетақы алады

Конституциялық сот шетелде тұрақты тұратын Қазақстан азаматтарына зейнетақы төлеуден бас тарту заңға қайшы деген шешім шығарды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Іс шетелде тұратын қазақстандық әйелдің шағымынан кейін қаралған. Ол тек басқа елде өмір сүретіні үшін зейнетақы тағайындалмағанын айтып, мұны конституциялық құқықты шектеу деп бағалаған.

Соттың түсіндіруінше, зейнетақы алу құқығы адамның қай елде тұратынына емес, оның зейнет жасына жетуіне, еңбек өтіліне және аударымдарының болуына байланысты.

Яғни Қазақстан азаматы елде жұмыс істеп, зейнетақы жарнасын төлеген болса, кейін шетелге көшсе де, бұл оны зейнетақы алу құқығынан айырмауы тиіс.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button