Басты жаңалықҚоғам

«Іле-Балқаш» қорығына 4 Амур жолбарысы жіберілді

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Ресейден әкелінген төрт Амур жолбарысы жіберілді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Жолбарыстар табиғи ортаға спутниктік қарғыбаулармен жіберілген. Бұл олардың қозғалысын бақылап, бейімделу процесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Мамандардың айтуынша, бұл бастама Қазақстанда жолбарыс популяциясын қайта қалпына келтіруге және әлемдік биоалуантүрлілікті сақтауға көмектеседі.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы қараша айында Ресейге жасаған мемлекеттік сапары кезінде Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге әзірлік және жеткізілген түз тағыларының бастапқы бейімдеуден өтуі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылған болатын. Осы уағдаластықтарға сай Ресей тарапы төрт Амур жолбарысын берді.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Айта кетейік, Қазақстанда Тұран жолбарысы өткен ғасырдың ортасында жойылып кеткен. Ал Амур жолбарысы – соған жақын туыс түрі.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button