Жүргізуші куәлігін алу талаптары өзгереді
Елімізде жүргізуші куәлігін алу талаптары өзгереді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандықтар емтиханды шектеусіз тапсыра алады. Алайда әр әрекет арасында кемінде 10 күн үзіліс болуы шарт.
Сонымен қатар, емтихан барысында бақылау күшейеді. Теориялық бөлімде заманауи технологиялар қолданылса, практикалық емтихан кезінде жасанды интеллект негізіндегі жүйелер бақылау жүргізеді. Бұл заңбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Тыйым салынған құрылғыларды пайдаланғандарға жаза қарастырылған. Тіпті емтихан тапсыру құқығынан бір жылға дейін айыру мүмкін. Бұдан бөлек, автомектептерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Дайындық сапасы төмен болған жағдайда лицензия қайтарып алынуы мүмкін.
Minut.kz



