Басты жаңалықДенсаулық
Жүзден астам стоматологиялық клиника жабылды

Елімізде 100-ден астам стоматологиялық клиника жабылды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұл туралы Сенат кулуарында Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов айтты.
Төрағаның сөзінше, ел бойынша шамамен 500 тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысы бойынша 104 стоматологиялық клиника лицензиясын өз еркімен қайтарып, жұмысын тоқтатқан.
Сондай-ақ 38 клиникаға қатысты материалдар сот органдарына жолданды.
Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензия екі жағдайда қайтарылады. Меншік иесінің шешімімен немесе сот шешімі арқылы.
Жанель Жанболатқызы



