Каспий теңізінде 9 әскери қызметкер қаза тапты
Каспий теңізінде 9 әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ауа райы күрт нашарлап, жел күшейіп, теңізге 19 әскери қызметкерді алып кеткен. Қазір олардың 9-ының қаза тапқаны анықталды. Үш әскери қызметкер құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жеткізілген.
Қалған әскери қызметкерлерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен қажетті құралдары шұғыл жіберілген.
Қазір қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бас прокуратура Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты тергеу басталғанын хабарлады. Жедел-тергеу тобы құрылды.
Оқиға орнында Ішкі істер, төтенше жағдай министрліктері және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайларын анықтап, қажетті сот сараптамаларын жүргізуде.
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.
Minut.kz



