Қоғам

Каспийден тағы 35 өлі итбалық табылды

Каспий теңізінің жағалауында экологиялық жағдай ушығып тұр. Облыстық экология департаментінің мәліметінше, бұл жолы өлекселер Баутино ауылы маңындағы Асан және Қаса учаскелері арасынан анықталған, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Итбалықтармен қатар, жағалаудан бекіре тұқымдас балықтардың да қалдықтары табылған. Қазіргі уақытта мамандар теңіз жағалауына мониторинг жүргізіп, өлекселерді жинау және жою жұмыстарын қолға алды.

Соңғы айларда Каспийде итбалықтардың жаппай қырылуы жиілеп кетті. Бұған дейін өңірде 200-ге жуық өлі түлен табылған болатын. Ғалымдардың алдын ала болжамы бойынша, бұған жануарлардың иммунитеті әлсіреуі мен жұқпалы ауруларға бейімділігі себеп болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button