Қоғам
Кейбір жас министрлер өз міндеттерін орындай алмаған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір жас кадрлардың министрлік қызметте өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындай алмағанын айтты. Мемлекет басшысы бұл туралы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс бергеннен кейін журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан жастарға сенім артып, оларды жоғары лауазымдарға тағайындап келеді. Алайда жауапкершілік жүктелген жаңа буын өкілдері өз міндетін тиісті деңгейде атқаруы керек. Тоқаев мұндай жағдайларға бұдан былай жол бермеу қажеттігін атап өтті.
Minut.kz



