Басты жаңалықҚоғам

Мемлекетке 1,2 млрд теңге шығын келтірген

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша  департаменті 2020–2023 жылдар аралығында ШҚО мен Абай облысының аумағында орналасқан жеті әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген «Восток Инжиниринг» ЖШС басшысына қатысты тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, компанияның міндетіне құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін, сапасын және жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін бақылау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сумен жабдықтау нысандары мен жағалауды бекіту құрылыстарын салу кезінде нақты орындалған жұмыстарды растау кірген.

Алайда көрсетілген қызметтер үшін төлем алғанына қарамастан, құрылысқа тиісті бақылау жүргізілмеген. Кәсіпорын басшысы орындалған жұмыс көлемдері туралы жалған мәліметтер қамтылған актілерге қол қойып отырған.

Тінту барысында мөрлердің көшірмелері мен жалған актілер анықталды. Мемлекетке келтірілген залал 1,2 млрд теңгеден асты.

Қазір ЖШС басшысы іздестіріліп жатыр. Соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button