Қоғам

Министрлік зейнетақы жинағының жеткілікті шегін қайта қарамақ

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қойылатын шек 79%-ға дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға арналған жеткіліктілік шегін қайта қарауды жоспарлап отыр.

Министр Асқарбек Ертаев мәліметінше, жаңа өзгерістер бойынша кей санаттарда шек 79 пайызға дейін өсуі мүмкін. Жаңа есептеу жүйесі азаматтың жасы, болашақ зейнетақы төлемдері мен жинақ көлеміне қарай анықталады.

Министрлік дерегінше, соңғы бес жылда қазақстандықтар зейнетақы қорынан 5,7 трлн теңге шешіп алған. Оның басым бөлігі несие жабуға жұмсалған.

Қазір ресми формула мен нақты мөлшерлер дайындалып жатыр. Жаңа шектер мамыр айының соңына дейін жариялануы мүмкін.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button