Қоғам

Мобильді операторлар тариф бағасын ескертусіз көтере алмайды

Бүгіннен бастап елімізде ұялы байланыс саласына қатысты бірқатар жаңа ережелер күшіне енеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Енді байланыс операторлары тариф қымбаттайтынын кемінде 60 күн бұрын хабарлауға міндеттеледі. Ескерту абоненттік нөмірге қысқа мәтіндік хабарлама түрінде келетін болады. Тиісті ақпарат компанияның ресми сайтында да жарияланады.

Сонымен қатар операторлар әлеуметтік және мемлекеттік мәні бар мобильді қосымшаларға тәулік бойы тегін әрі шектеусіз кіруді қамтамасыз етуі тиіс. Нақты қай қосымшалардың тегін болатынын уәкілетті орган белгілейді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button