Басты жаңалықДенсаулық

Наркологиялық орталықтар жаппай тексеріледі

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі барлық наркологиялық орталықтың жұмысын тексереді. Оған жүргізушілерді медициналық куәландыру кезіндегі заңбұзушылықтар себеп болған, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тексеру жүргізу туралы тапсырманы министр Ақмарал Әлназарова берген. Жұмысты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізеді. Мамандар наркологиялық орталықтардың қолданыстағы стандарттар мен куәландыру тәртібін қаншалықты сақтайтынын бағалайды.

Заңбұзушылық анықталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жолданады.

Сонымен қатар ведомство жүргізушілерді медициналық куәландыру тәртібіне өзгерістер әзірлеп жатыр. Жаңа талаптар рәсімдердің ашықтығын арттырып, азаматтардың құқығын қорғауға және даулы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button