Басты жаңалықҚоғам

Орлов шахтасында кенші қаза тапты

«Шығыстүстімет» ЖШС-на қарасты Орлов шахтасында төтенше жағдай орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, тау жынысының опырылуы салдарынан бір кенші қаза тауып, тағы бірі жарақаттанды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Апаттан зардап шеккен екінші қызметкер дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиғаның себептері мен нақты мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жағдайды өз бақылауына алу үшін оқиға орнына аттанды.

KAZ Minerals басшылығы қаза тапқан қызметкердің жақындарына қайғыра көңіл айтты. Компания әкімшілігі марқұмның отбасына және зардап шеккен жұмысшыға барлық қажетті қолдау мен көмек көрсетілетінін ресми түрде мәлімдеді.

Еске салайық, KAZ Minerals International FZCO – Қазақстандағы мыс өндіру саласының көшбасшысы. Компанияның негізгі өндіріс орындары:

  • Абай облысы: Ақтоғай кеніші мен Орлов кешені.
  • Павлодар облысы: Бозшакөл кеніші.
  • ШҚО: Екі кеніш пен байыту фабрикасы.
  • Қырғызстан: Бозымшақ мыс-алтын кеніші.

Компания 2025 жылдың қорытындысы бойынша 370 мың тонна мыс, 54 мың тонна мырыш және 132 мың унция алтын өндірген. Компанияның Қазақстан мен Қырғызстандағы кәсіпорындарында шамамен 14 000 адам еңбек етеді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button