Қоғам

Өскеменде 20 мың шаршы метрге жуық аумаққа гүл егіледі

Өскеменде көгалдандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір қала көшелері мен қоғамдық орындарды гүлмен безендіру шаралары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Биылғы гүл отырғызу науқаны барысында шаһар аумағына 700 мыңнан астам гүл егілмек. Гүлзарлармен безендірілетін аумақтың жалпы көлемі 19 мың шаршы метрден асады.

Қала аумағындағы жұмыстар күндіз-түні тоқтаусыз жүргізілуде. Алғашқы кезекте Әуезов және Қазақстан көшелері мен «Бәйтерек» айналма жолы абаттандырылмақ. Қазіргі таңда Арбатта, Республика алаңында және Сағадат Нұрмағамбетов ескерткіші маңында гүл егу жұмыстары толық аяқталған, – деді «Clean Oskemen» ЖШС өкілдері.

Жалпы жазғы көгалдандыру шаралары қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аяулым Әділқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button